Шығыс Қазақстанның Зайсан аудандық сотында мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткені үшін айыпталған екі этникалық қазақ – Қастер Мұсақанұлы мен Мұрагер Әлімұлының ісі бойынша сот отырысы өтті, деп хабарлайды Vlast ақпараттық агенттігі.
Сот отырысы барысында айыптау тарабы оларды біздің республикамыздан қайтармай, бір жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Сот шешімімен екі этикалық қазақ бас бостандығынан айырылып, 25 мың теңге көлемінде айыппұл салды. Олардың бір күні екі күнге есептеледі. Сонымен қатар, жазасын қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде өтейтін болады.
2019 жылы қазан айында Кастер Мұсақанұлы мен Мұрагер Әлімұлы Қытайдан Алматыға саяси баспана алу мақсатында қашып кетті. Ер адамдар қытайлық билік оларды қудалап, үлкен айыппұл салғанын айтты. Қытай тарапынан мұндай әрекеттер олардың шығу тегіне байланысты деп есептейді.
Осыдан кейін оларға қатысты мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды және оларды Қытайға қайтарып жібергісі келді, онда мұндай қылмыс үшін олар өлім жазасына тартуы мүмкін. Алайда кейінірек Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысының орынбасары Дархан Ділманов этникалық қазақтардың тағдырын сот шешеді деп мәлімдеді.
Сурет: vlast.kz