Қытайда есірткі контрабандасы үшін сотталған еліміздің азаматшасы Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға оралуы мүмкін. Бұл туралы zakon.kz ақпарат агенттігі хабарлады.
Ақжарқын Тұрлыбайды 2014 жылы Қытай тәртіп сақшылары ұстады. Тінту кезінде одан тыйым салынған заттардың үлкен партиясын, атап айтқанда 4 килограмын тапты.
Осыған байланысты оған қатысты есірткі заттарының контрабандасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы әрекеті үшін Қытай соты қызды өмір бойына түрмеге қамады.
2019 жылы Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты қылмыстық істі Гуанчжоу соты қайта қарады, бірақ қыздың жазасы өзгеріссіз қалды.
Қазіргі уақытта ол Қытай түрмелерінің бірінде жазасын өтеп жатыр. Алайда, оның адвокатының айтуынша, біздің мемлекетіміз бен Қытай арасындағы сотталғандарды беру туралы шартқа сәйкес Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға ауыстырылуы мүмкін.
Адвокат қыздың отанына оралуының нақты мерзімі белгіленген жоқ екенін, бірақ қорғау жағы оны мүмкіндігінше тезірек қайтаруға мүдделі екенін айтты.
Сурет: sputniknews.kz