Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Тарих фактілері

Қытай сарапшылары: жаңа президент саясаты әлеуметтік сипатқа ие

6 года назад
Китайские эксперты: политика нового президента будет носить социальный характер

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мемлекет басшысы лауазымындағы саясаты сабақтастық пен тұрақтылықты сақтай отырып, әлеуметтік сипатқа ие болады. Мұндай пікірді ҚХР қоғамдық-саяси және сараптамалық топтарының өкілдері Қасым-Жомарт Тоқаевтың инаугурациялық сөзін талдай отыра айтты, деп хабарлайды Қытайдағы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Белгілі қоғам қайраткері және жазушы, Қытай Халық саяси консультативтік кеңесінің бұрынғы депутаты, әдебиет саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ақбар Мәжиттің айтуынша, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөйлеген сөзі мемлекет саясатының басымдылығы әлеуметтік сала болатынын айғақтайды. «Ел дамуының 10 негізгі бағыты ҚР Үкіметінің алдына Қазақстан халқының өмір сүру сапасы мен жайлылығын арттыру, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет саласын дамыту бойынша міндеттер қояды», — деді ол.

Ақбар Мәжит Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси және экономикалық бағытын жалғастыруды, Қазақстанды Үшінші жаңғыртуды, бес институционалдық реформаны, көпвекторлы сыртқы саясатты жүзеге асыруды, шағын және орта бизнесті қолдауды кеңейтуді және сандық экономиканың даму бағытын жалғастыруды көздегенін атап өтті.

«Қасым-Жомарт Тоқаевтың 10 тапсырмасын тиімді шешу Қазақстанға тұрақты дамудың жаңа деңгейіне шығуға, инновациялық үдерістерді жеделдетуге, еңбек өнімділігін арттыруға және Қазақстан халқының өмір сүру сапасының индексін жақсартуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті А. Мәжит.

«Мемлекеттік саясатта сабақтастық пен тұрақтылық басым болады. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев өз жұмысында әлеуметтік үйлесімділікті қамтамасыз етуге және жастарды қолдауға көп көңіл бөледі», — деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылғы 12 маусымда ұлықтау рәсімінде Қасым-Жомарт Тоқаев президент ретіндегі қызметінің маңызды он бағытын атап өткен болатын: халықтың табысын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, сот және құқық қорғау жүйесін реформалау, жаңа жұмыс орындарын құру және еңбекке ақы төлеудің лайықты деңгейімен қамтамасыз ету, тұрғын үй мәселесін шешу, әділ әлеуметтік саясат, өңірлерді дамытудың жаңа бағыты, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастыру, көпвекторлы сыртқы саясаттың теңгерімділігі, жастардың дамуы үшін жағдай жасау.

Новости СМИ2
Алдыңғы

Ғарыштық телескопты ұшыру шілде айына ауыстырылды

Келесі

Мәскеуде Қазақстанның киберқауіпсіздігі туралы құжатқа қол қойылды

Ұсынамыз Пост

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды
Тарих фактілері

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды

29/05/2021 17:43

Қазіргі кезде аталған факті бойынша Түркістан облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жүргізіліп жатқан іздеу жұмыстары барысында 29 мамырда сағат 00:30-да Өгем өзенінен екі адамның мәйіті табылды. Марқұмның бірі тауда жоғалып кеткен туристер тобының мүшесі, 1999 жылы туған азамат...

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды
Тарих фактілері

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды

29/05/2021 15:12

Шенеуніктер ауыл арасында көгілдір отын құбырын жүргізу үшін тендер жариялағанымен, кейін оны тоқтатып тастаған.   Ақтөбе іргесіндегі Жаңақоныс-4 ауылының тұрғындары жаңадан салынған үйлеріне кіре алмай отыр. Өйткені елдімекенде ішер судан бастап, газ құбыры да жоқ. Ал шенеуніктер болса коммуникация жүйесін...

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды
Тарих фактілері

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды

29/05/2021 10:18

Ведомство өкілдері полковник Асылбек Сатыбалдиновті жақсы жағынан сипаттап, мақтаулы мамандардың бірі ретінде атады. Қорғаныс министрлігіндегі қару-жарақ және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің бастығы полковник Асылбек Сатыбалдинов ұсталды. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі растады. "2021 жылы 28 мамырда құқық қорғау...

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді
Тарих фактілері

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді

28/05/2021 18:41

2019 жылдан бастап Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңсыз ойын орындарын жою бойынша рейдтік іс-шаралар барысында қаланың әртүрлі аудандарында ойын терминалдары заңсыз жұмыс істейтін 712 сауда орнын анықтады, деп хабарлайды zakon.kz. Заңсыз ойын мекемелерін ұйымдастырғаны үшін 80 адам сотталды, 94...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.