Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Тарих фактілері

Қырғызстанның жаңа басшылығына қатысты қандай саясат жүргізу керек

5 года назад
Какую политику нужно вести в отношении нового руководства Кыргызстана

Көршілес Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров парламенттік басқарудан президенттік басқару нысанына көшу процесін бастады. Менің ойымша, Қырғызстан басшысы президенттік мерзім аяқталғаннан кейін қызметінен кетуге ниетті емес. Сондықтан ол елдің конституциясын мүмкіндігінше өзгерту үшін басқару формасын ауыстыру үшін референдум өткізуді ұйғарып отыр. Конституцияға енгізілетін негізгі түзетулер: жұмыс істеп жүрген Президентке сайлауға қатысуға шектеуді алып тастау не 2027 жылдан кейін тағы да 2 бес жылдық мерзімге сайлауға қатысуға мүмкіндік беру; парламент пен Үкіметтің өкілеттіктерінің көп бөлігін Президентке беру; Министрлер Кабинетін президент аппаратына қайта бағындыру; премьер-министр лауазымын жою, тағы басқалар.

Жапаров мемлекеттегі басты саяси тұлға болуға ұмтылуда деп санаймын. Алайда, елдің ерекшелігі мен «Солтүстік – Оңтүстікке» бөлінуін ескермей, биліктің жаңа вертикалын құру қымбатқа түсуі мүмкін. Қырғызстан бастапқыда өзінің ішкі саясатын тек саяси элиталардың тепе-теңдігіне сүйене отырып, мүддесі бір адамдар тобын ескере отырып құрды.

Қазақстан қиын-қыстау кезеңдерде көрші республика тұрғындарын қолдап, оларға толық көлемде көмек көрсетті. Қырғызстанның жаңа басшысы көршісіне құрмет көрсетуді ұйғарып, Мемлекет басшысы мәртебесінде өзінің алғашқы ресми сапарында Нұр-Сұлтанға келуді жоспарлап отырғанын хабарлады. Жапаров Ресей Федерациясына алғашқы сапарын жоспарласа да, шақыру алмағанын айта кету керек. Сондықтан Ресейге жоспарланған сапардың орнына Қазақстанға келуі популистік сипатқа ие, өйткені Қырғызстан Президенті екі елдің өзара қарым-қатынасындағы маңызды мәселелерді талқылауға әлі дайын емес.

Садыр Жапаров Құрманбек Бакиевтің адамы екенін ұмытпауымыз керек, бұл Атамбаевты жақтаушылар тобының күресі мен оны қолжайтын адамдардың қарсылығын күшейтуі мүмкін. Бакиевтер қазіргі президент арқылы билікке оңай орала алады. Менің ойымша, социал-демократтардың көпшілігі түрмеге түсуі мүмкін.

2017 жылы Нұр-Сұлтан тарапынан Омурбек Бабановты қолдауы кері әсер беріп, Алмазбек Атамбаевты күшейтті, бұл қайталануы мүмкін. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қырғызстан президенттігіне кандидат Өмірбек Бабановтың кездесуі қырғыз қоғамында дау тудырды. Тіпті Бішкек Астанаға наразылық нотасын жіберіп, бұл кездесуді мемлекеттің ішкі ісіне араласу әрекеті деп атады. Атамбаевқа қырғыз халқының ұлттық сезімін қайта оятуға ештеңе кедергі болмайды.

Қалай болғанда да, Ақордаға Қырғызстанның ішкі саясатына араласу және жаңа президентке уәде берудің қажеті жоқ, көршілес елдің әртүрлі топтары дұрыс түсінбеуі мүмкін Өйткені, оның пайдасынан зияны көбірек болуы мүмкін. Сонымен қатар, Құрманбек Бакиевтің Қырғызстанға оралуы жаңа азаматтық жанжал туғызуы мүмкін, оның Нұр-Сұлтан үшін қажеті жоқ. Қырғыз Республикасыняң жаңа басшылығына қатысты сақ және теңдестіре жүргізілген саясат — қазіргі кездегі бірден-бір дұрыс бағыт.

Мақсат Нұрғалиев, саясаттанушы, арнайы «Эхо Қазақстана» үшін.

Сурет: kursiv.kz

Новости СМИ2
Алдыңғы

Ресеймен шекарада "Қорғас" сияқты сауда хабтары пайда болады

Келесі

Қарағандыда өндірілген ресейлік вакцинаны экспорттай бастайды

Ұсынамыз Пост

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды
Тарих фактілері

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды

29/05/2021 17:43

Қазіргі кезде аталған факті бойынша Түркістан облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жүргізіліп жатқан іздеу жұмыстары барысында 29 мамырда сағат 00:30-да Өгем өзенінен екі адамның мәйіті табылды. Марқұмның бірі тауда жоғалып кеткен туристер тобының мүшесі, 1999 жылы туған азамат...

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды
Тарих фактілері

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды

29/05/2021 15:12

Шенеуніктер ауыл арасында көгілдір отын құбырын жүргізу үшін тендер жариялағанымен, кейін оны тоқтатып тастаған.   Ақтөбе іргесіндегі Жаңақоныс-4 ауылының тұрғындары жаңадан салынған үйлеріне кіре алмай отыр. Өйткені елдімекенде ішер судан бастап, газ құбыры да жоқ. Ал шенеуніктер болса коммуникация жүйесін...

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды
Тарих фактілері

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды

29/05/2021 10:18

Ведомство өкілдері полковник Асылбек Сатыбалдиновті жақсы жағынан сипаттап, мақтаулы мамандардың бірі ретінде атады. Қорғаныс министрлігіндегі қару-жарақ және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің бастығы полковник Асылбек Сатыбалдинов ұсталды. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі растады. "2021 жылы 28 мамырда құқық қорғау...

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді
Тарих фактілері

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді

28/05/2021 18:41

2019 жылдан бастап Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңсыз ойын орындарын жою бойынша рейдтік іс-шаралар барысында қаланың әртүрлі аудандарында ойын терминалдары заңсыз жұмыс істейтін 712 сауда орнын анықтады, деп хабарлайды zakon.kz. Заңсыз ойын мекемелерін ұйымдастырғаны үшін 80 адам сотталды, 94...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.