Бішкекте Қазақстан мен Қырғызстан қорғаныс ведомстволары басшыларының кездесуі өтті, онда екі елдің ынтымақтастығын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Әскери ведомствоның басшысы генерал-майор Н. Ермекбаев Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлерінің кеңесіне қатысты, оның барысында Қырғыз Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-майор Р. Дүйшенбиевпен екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
ШЫҰ алаңында Қазақстан мен Қырғызстан қорғаныс ведомстволары басшыларының кездесуі өтті, оның барысында халықаралық және өңірлік жағдайдағы бүгінгі жағдай, әскери ынтымақтастықтың ағымдағы және перспективалық бағыттары, сондай-ақ жедел және жауынгерлік даярлық пен әскери білімнің бірлескен іс-шаралары талқыланды.