Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының әріптесі Сооронбай Жээнбековтен жеделхат алды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Көрші республиканың басшысы жеделхатында Қазақстан Президентіне ізгілік көмек ретінде көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтты.
Сооронбай Жээнбековтің айтуынша, қырғыз тарапы Қазақстан Республикасының қолдауын, оның Орталық Азиядағы коронавирустық инфекциямен күреске қосқан үлесін жоғары бағалайды.
Қырғызстан басшысы екі мемлекет арасындағы өзара түсіністіктің жоғары деңгейін атап өтіп, стратегиялық ынтымақтастық пен одақтастық қатынастар Қырғыз Республикасы мен Қазақстан арасында одан әрі дамитынына сенім білдірді.
Сондай-ақ, өз жеделхатында Сооронбай Жээнбеков Қасым-Жомарт Тоқаевқа денсаулық және Қазақстан президент лауазымында табыс, ал Қазақстан халқына бейбітшілік пен өркендеу тіледі.
Бұған дейін біздің республика Қырғызстанға 800 тонна ұн түрінде гуманитарлық көмек жібергені хабарланған.
Сурет: sputnik.kg