Біздің республикамыздың азаматтарына Қырғызстанға кіруге рұқсат етілді. Бұл шешімді көрші елдің коронавируспен күрес жөніндегі республикалық штаб қабылдады. Бұл туралы zakon.kz ақпарат агенттігі жазады.
Қазақстандықтардан басқа, Қырғыз Республикасына Ресей, Беларусь, Әзірбайжан, Армения, Түрікменстан, Біріккен Араб Әмірліктері, Португалия, Кувейт, Жапония және басқа да бірқатар елдердің азаматтары бара алады.
Біздің елімізде коронавирустық инфекция жағдайы тұрақтанғандықтан, Қазақстан азаматтарына Қырғызстанға кіруге рұқсат берілді.
Бұған дейін осы жылдың 17 тамызынан бастап біздің еліміз Еуразиялық экономикалық одақтың екі мемлекетімен, атап айтқанда Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасымен әуе қатынасын кезең-кезеңімен жаңғырта бастайтыны хабарланған болатын.
Қазақстан Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, Ресей және Беларусьпен авиациялық қатынасты қалпына келтіруге қатысты мәселелер келісілді.
Сурет: inform.kz