Ақтөбеде, кәсіпкерден үлкен ақша алуды көздеген, 32 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат халықаралық ақпараттық агенттігінің тілшісі.
Облыстық ІІБ-нің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бопсалаушыны қылмыстық полиция қызметкерлері ұстады. Ұсталған адам бопсалау үшін өткен жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген, тонау және бұзақылық үшін үш рет сотталған қылмыстық топтың мүшесі.
Ол және оның серіктестері жеке кәсіпкерден,зорлық-зомбылық көрсетіп, қауіп-қатер төндіре отыра, 43 миллион 500 мың теңге талап еткен.
Сурет: Хабар24