“Мемлекеттік қызметтерді көрсету, ел тұрғындары үйден шықпай-ақ смартфондар арқылы қажетті нәрсенің барлығын ала алатындай деңгейде болуы тиіс”, – деп атап өтті Жұмағалиев.
“Халыққа жақын болу керек, қазақстандықтар бірнеше рет халыққа қызмет көрсету орталықтарына келіп, одан кейін компьютерлер арқылы ХҚКО-ға келмей-ақ қызмет алу мүмкіндігіне ие болу керек”,-деп толықтырды вице-премьер.
Асқар Жұмағалиев мемлекеттік органдардан сұралатын анықтамалар санын қысқарту қажеттілігі туралы мәлімдеді.
Сурет: sputniknews.kz