Ұлттық экономика Министрлігі статистика комитетінің қызметкерлері бір жыл ішінде тұрғын үйді жалдау ақысы шамамен 7,3%-ға көтерілгенін, сонымен қатар, пәтерлерді сату бағасы да артқанын хабарлады.
Статистика комитетінің мәліметінше, 2019 жылдың қаңтар айында алғашқы тұрғын үйдің 1 шаршы метрін сату құны 277 368 теңгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 3,2%-ға өсті.
Бүгінгі күні қайталама тұрғын үйдің орташа бағасы 189 127 теңге, жайлы емес пәтер-118 834 теңге сатып алуға болады. Бұл жерде де 2 және 3,1% өсім байқалады.
Ал жалға беру құны айтарлықтай артты – 1 шаршы метр орта есеппен 1 421 теңгеге тапсырылады. Егер 2018 жылдың қаңтарымен салыстырсақ, 7,3% – ға өсті.
Сарапшылар 2019 жылы, жыл бойы, Қазақстанда тұрғын үй құны қымбаттайды деп есептейді.
Сурет: nur.kz