Астана қаласы ТЖ департаменті қала тұрғындарына, 10 қаңтар, бейсенбі күні жоспарлы оқу-жаттығулар өткізілетінін, сондай-ақ электржабдықтардың іске қосылуымен хабарландыру жүйесін тексеруді жүзеге асыратынын хабарлайды.
“Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары, ағымдағы жылдың 10 қаңтарында сағат 09: 55 – те Астана қаласының құлақтандыру жүйесіне электрсиреналарын іске қосылып, телерадиоканалдар жұмысы тоқтылып тексеру жүргізіледі”, – делінген хабарламада.
Ақпаратта төтенше жағдай қаупі кезінде халықтың назарын аудару үшін электрсирендер қосылады, бұл “барлығыныз назар аударыңыз!” денегді білдіретін бірыңғай хабарлау белгісі екені түсіндіріледі.
Бұл белгіні естігенде халық қалыптасқан жағдайдағы іс-әрекеттер туралы нұсқаулық алу үшін, ақпаратты қабылдаудың қол жетімді құралдарын (теледидар, радио, интернет) дереу қосуы тиіс.
ТЖД қызметкерлері елорда тұрғындары мен қонақтарын электр дабылы кезінде үрейленбей, тыныштықты сақтауды сұрайды.
Сулет: kaztag.kz