Кеше мәжілісмендер Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар өткізу туралы заң жобасын мақұлдады. Мемлекет басшысының кеңесшісі Ерлан Карин бұған түсініктеме беруді ұйғарды.
Жаңа заң жобасы туралы айта келе, Ерлан Қарин Қазақстандағы митингілер туралы ескі заң 1995 жылы қабылданғанын еске салды. Сонымен қатар, ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен жаңартылғанын атап өтті.
Тоқаев кеңесшісінің пікірінше, бейбіт жиналыстар туралы жаңа заң жобасы біздің республикадағы саяси процестерді одан әрі ырықтандырудағы елеулі серпіліс болып табылады.
“Мысалы, хабарлама мерзімі қысқартылды, заң тыйым салмайтын кез келген жерлерде пикеттер өткізу мүмкіндігі бекітілді, құжаттарға қойылатын талаптар жеңілдетілді, журналистердің қызметін реттейтін барлық нормалар алынып тасталды”, – деді Ерлан Қарин.
Бұған дейін мәжілісмен Қанат Мусин депутаттар бейбіт жиналыстар туралы заң жобасына елеулі түзетулер енгізгенін айтты.
Алайда, депутат нактылап атап өткендей, мұндай түзету тек ереуілдерге ғана қатысты, ал митингілер мен жиналыстар арнайы орындарда ұйымдастырылуы тиіс.
Сурет: tengrinews.kz