Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркке жұмыс сапары аясында америкалық іскер топ өкілдерімен кездесу өткізді,деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық бизнесмендерге еліміздің экономикалық мүмкіндіктері, атап айтқанда, қолайлы инвестициялық ахуал, нарық пен коммуникацияны дамыту, сондай-ақ адами капиталды нығайту туралы айтты.
Сонымен қатар, АҚШ-тың іскер топтарының өкілдері Қазақстанның инвестициялық ахуалы заң үстемдігі, келісімшарттарға қол сұғылмауы және зияткерлік меншік құқығын қорғауды қамтамасыз ету арқылы жақсартылатыны туралы хабардар етілді.
Сонымен қатар, кездесу барысында біздің президент Қазақстанның энергетика, ауыл шаруашылығы, қаржы және адами капитал саласындағы әлеуеті туралы мәлімдеді.
Сөзінің соңында Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің көліктік-логистикалық мүмкіндіктеріне ерекше назар аударды.
“Қазақстан Шығыс пен Батысты қосатын маңызды көлік хабы болып табылады. Трансконтиненталдық бағыттардың 70% астамы Қазақстан аумағы арқылы өтеді”, – деп атап өтті Тоқаев.