Эхо Қазақстан
  • Басты
  • Сараптамалар
  • Ынтымақтастық
  • Саясат
  • Экономика
  • Жаңалықтар
    • Сыбайлас жемкорлык
    • Тарих фактілері
    • Мәдениет
  • РусскийРусский
Бейсенбі, 22.05.2025
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
  • Басты
  • Сараптамалар
  • Ынтымақтастық
  • Саясат
  • Экономика
  • Жаңалықтар
    • Сыбайлас жемкорлык
    • Тарих фактілері
    • Мәдениет
  • РусскийРусский
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Жаңалықтар

Тоқаевтың Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес отырысында сөйлеген сөзі

4 жылдар назад
Тоқаевтың Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес отырысында сөйлеген сөзі

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы видео конференция режимінде өтті, деп хабарлайдыzakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, жиында Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті төрағасы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Армения Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушы Никол Пашинян, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович, сондай-ақ, Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес жанындағы бақылаушы мемлекеттердің басшылары Куба Республикасының Президенті Мигель Диас-Канель Бермудес және Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев сөз сөйледі.

Мемлекет басшысы өз сөзінде пандемия мен оған қарсы күрес шаралары жаһандану үдерісі мен бейбіт тыныс-тіршіліктің қалпын өзгерткенін атап өтті. Мұндай жағдайда экономикалық дағдарыстың салдарын еңсеру, экономиканы қайта қалпына келтіру және дамыту жолына түсу сияқты өте өзекті мәселелердің тиімді шешімін табу қажет.

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді

Біз осы Одақ тарихында алғашқы стратегиялық құжатты жүзеге асыруды бастадық. Аталған стратегия орта мерзімді перспективадағы интеграцияның және экономиканың барлық саласындағы нақты ықпалдастықтың, сондай-ақ, халықаралық ынтымақтастықтың басымдықтарын айқындап берді. Сондықтан Одақты дамыту стратегиясының сапалы әрі жедел іске асырылуын қамтамасыз ету маңызды. Бұл, әрине, өзімізге байланысты, – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев дағдарыстан кейінгі қайта қалпына келтіру кезеңінде өзара сауда-саттыққа қатысты кедергілердің қордаланған проблемасын жүйелі шешу қажет екенін айтты. Локдаундар кезінде мұндай кедергілер едәуір көбейген.

Аталған кедергілер сауда-экономикалық қатынастардың дамуын айтарлықтай тежеп, өсім әлеуеті мен дамуын шектейді. Қазақстан Одақтың басқа мүшелері сияқты, нарықтың барлық қатысушылары үшін теңдей және кемсітпейтін жағдай қалыптастыруды қолдайтынына сенімдімін. Комиссия кедергілермен тұрақты түрде күресіп келеді. Алайда, оларды тиімді деп айта алмаймыз. Бұл ұлттық деңгейде қабылданған шешімдердің салдарымен күрес, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы өз сөзінде БҰҰ-ның мәліметіне жүгінді. Президенттің айтуынша, 2020 жылдың қорытындысына сәйкес азық-түлік тауарларының әлемдік бағасы соңғы үш жылда ең жоғары деңгейге жеткен. 2030 жылға қарай азық-түлікке деген сұраныс 35 пайыздан асады деп болжануда.

Одаққа мүше әрбір елдің азық-түлік тауарларын өндіру көлемін арттыруға әлеуеті жетеді. Сонымен қатар ішкі нарықты қорғау жөніндегі шектеу шаралары агроөнеркәсіп кешенінің дамуын тежеп, азық-түлік тапшылығына әкеп соқтыруы мүмкін. Әрине, кейбір жекелеген жағдайларда олардың уақытша қолданылуы өзін ақтады. Дегенмен мұндай шектеулердің біздің Одаққа мүше елдерге қатысы болмауы тиіс деп санаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент аграрлық ғылыми мекемелер арасындағы ықпалдастықты күшейтуді, ауыл шаруашылығы өнімдерін үшінші елдердің нарығына экспорттау ісін ұлғайту шараларын жандандыруды ұсынды. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан Одаққа мүше елдермен бірге шекара маңы инфрақұрылымын дамытуға дайын.

Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанмен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан «Орталық Азия» халықаралық сауда-экономикалық орталығы жобасын мысалға келтірді. Сондай-ақ Одақ аясында сауда-логистикалық және көтерме-тарату орталықтарының жүйесін құрудың маңызы артып отыр. Мұндай жүйе мемлекеттердің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, агроөнеркәсіп секторының әлеуетін қолдауға, шығындарды азайтуға, сәйкесінше, негізгі азық-түліктердің бағасын төмендетуге мүмкіндік береді.

Еуразия елдері өздерінің транзиттік әлеуетін толық жүзеге асыруы керек. Мен көлік күре жолдарындағы трансшекаралық учаскелерді жаңғырту жөніндегі жұмыстарды жандандыруды, атап айтқанда, Еуразиялық экономикалық одақтың барлық аумағында “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” автомагистралінің құрылысын аяқтауды тағы да ұсынамын, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одақ елдеріміздің дағдарыстан кейінгі экономикасын қайта қалпына келтірудің қуатты әрі пәрменді факторы болатынына сенім білдірді. Қазақстан Одақты экономикалық интеграцияның тиімді және беделді ұйымына айналдыру үшін барынша күш салады.

Қазақстан Президенті жиын соңында қатысушыларға мазмұнды және конструктивті баяндамалары үшін ризашылығын білдірді.

Новости СМИ2
Алдыңғы

Актер Фархат Әбдірайымов өмірден озды

Келесі

Өскемен өзінше ерек, заңдары да бөлек

Ұсынамыз Пост

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды
Жаңалықтар

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды

29/05/2021 17:43
Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды
Жаңалықтар

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды

29/05/2021 15:12
Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды
Жаңалықтар

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды

29/05/2021 10:18
Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді
Жаңалықтар

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді

28/05/2021 18:41
Келесі
Өскемен өзінше ерек, заңдары да бөлек

Өскемен өзінше ерек, заңдары да бөлек

Cараптамалар

На бумаге средняя зарплата казахстанцев уже более двухсот двадцати тысяч тенге
Жаңалықтар

Қағаз жүзінде қазақстандықтардың орташа жалақысы екі жүз жиырма мың теңгеден асады

14/05/2021 13:01
Әділдікке қол жеткізе алмады ма?
Жаңалықтар

Әділдікке қол жеткізе алмады ма?

13/05/2021 22:31
Эксперт: Каспий может повторить судьбу Арала и Балхаша
Жаңалықтар

Сарапшы: Каспий Арал мен Балқаштың тағдырын қайталауы мүмкін

13/05/2021 20:01

Таңдаулы апта

    Cоңғы жаңалықтар

    Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды
    Жаңалықтар

    Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды

    29/05/2021 17:43
    Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды
    Жаңалықтар

    Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды

    29/05/2021 15:12
    Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды
    Жаңалықтар

    Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды

    29/05/2021 10:18

    Ынтымақтастық

    Ресей ЕАЭО-да қайта өңдеу нәтижесінде алынған тауарлардан кедендік алымдар алмайды
    Жаңалықтар

    Ресей ЕАЭО-да қайта өңдеу нәтижесінде алынған тауарлардан кедендік алымдар алмайды

    17/03/2021 12:31
    Тоқаев Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің Бас хатшысын қабылдады
    Жаңалықтар

    Тоқаев Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің Бас хатшысын қабылдады

    12/03/2021 09:31
    Ресей ҚП мүшелері мен еліміздің қоғамшылдары сайлауды бақылау тәжірибесімен бөлісті
    Жаңалықтар

    Ресей ҚП мүшелері мен еліміздің қоғамшылдары сайлауды бақылау тәжірибесімен бөлісті

    04/03/2021 12:30

    Ардагерлер

    В Нур-Султане предложили выплатить миллион тенге ветеранам ВОВ ко Дню Победы
    Ардагерлер

    Нұр-Сұлтанда Жеңіс күніне орай ҰОС ардагерлеріне миллион теңге төлеу ұсынылды

    15/02/2021 16:35
    Ардагерлер

    Атырауда қазақстандық қызыл әскерді соңғы сапарға шығарып салды

    15/12/2020 13:38
    В Нур-Султане раздали продуктовые наборы ветеранам Великой Отечественной войны
    Ардагерлер

    Нұр-Сұлтанда Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне азық-түлік жиынтықтары таратылды

    02/11/2020 17:13
    • Басты
    • Сараптамалар
    • Ынтымақтастық
    • Саясат
    • Экономика
    • Жаңалықтар

    Ehonews.kz © 2018

    No Result
    View All Result
    • Басты
    • Сараптамалар
    • Ынтымақтастық
    • Саясат
    • Экономика
    • Жаңалықтар
      • Сыбайлас жемкорлык
      • Тарих фактілері
      • Мәдениет

    Ehonews.kz © 2018