Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғызстан басшысы Садыр Жапаров телефон арқылы сөйлесіп, екі ел арасындағы достық қарым-қатынастардың одан әрі дамитынын растады. Бұл туралы “Ақорданың” баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшылары одан әрі ынтымақтастыққа және елдердің стратегиялық әріптестіктің жаңа деңгейіне шығуына дайын екендіктерін атап өтті. Сонымен қатар, Тоқаев пен Жапаров халықаралық деңгейдегі кездесулер кестесін талқылады.
“Алдағы жоғары деңгейдегі кездесулер кестесі, соның ішінде қырғыз көшбасшысының Қазақстанға сапарына дайындық мәселелері қаралды”, – деп жазады Президент Әкімшілігі сайтында.
Жапаровтың Қазақстанға келетін күні әлі белгісіз.
Сурет: kg.akipress.org