Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Жоғарғы Сотының Төрағасы Жақып Асановпен кездесті,деп хабарлайды Қазақстан президентінің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Жоғарғы Сот Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Азаматтық іс жүргізу кодексін одан әрі жаңғыртуға бағытталған заң жобаларын жүзеге асыру барысы туралы айтып берді.
Өз кезегінде, Мемлекет басшысы сот үкімдерінің сапасын арттыру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ Тоқаев Қазақстан Республикасы азаматтарының өтініштерін мұқият және әділ қарау қажеттігін мәлімдеді.