Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэге Киото қаласындағы анимациялық студиядағы өртте қаза болғандардың көп болуына байланысты көңіл айтты. Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қаза болғандардың туған-туыстары және жақындарының қайғысын бөлісемін. Өрт салдарынан зардап шеккендердің барлығына тез арада сауығып шығуды тілеймін”, – деді Тоқаев өз жеделхатында.
Естеріңізге сала кетейік, жапондық полицияның мәлімдеуінше, жеке бас ренішінің негізінде ер азамат Kyoto Animation анимациялық студиясының ғимаратын өрттеген.Өрт кезінде отыздан астам адам қаза тапты. Өрттеушіні полиция қолға түсірді,ол госпиталде жатыр.Оның кінәсінен болған өрт құрбандар саны бойынша қазіргі Жапониядағы ең көп адам өліміне себеп болған оқиға болды.