Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға ресми мемлекеттік сапармен барады. Бұл туралы Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин кеңейтілген құрамдағы үкіметаралық отырыс кезінде айтты.
Қазіргі уақытта Асқар Маминнің өзі Қырғызстанда.
“Бүгінгі отырыс Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанға күтіліп отырған күзгі мемлекеттік сапары қарсаңында өтуде”, — деді ол.
Премьер-министр Қырғызстан Қазақстанның ең жақын одақтастары екенін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков 28 мамыр күні Қазақстанға ресми сапары аясында Токаевті Қырғызстанға шақырған болатын.