Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қазақстанның Мемлекеттік күзет қызметі бастығының жаңа орынбасарын, ерекше мақсаттағы күштер қолбасшысын тағайындау туралы өкімге қол қойды. Ол Аюбаев Мұхтар Ақатұлы болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Аюбавев Мұхтар Қазақстан Президенті Күзет қызметінің құрметті қызметкері, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Құрметті қызметкері. Сонымен қатар ол Алматы облысының Құрметті азаматы.
Сондай-ақ Тоқаев Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасарын тағайындау туралы өкімге қол қойды. Ол Олжас Абайұлы Бектенов болды.
Қабдула Шыңғыс Қайыпұлы мен Шабдар Нұрлан Аманкелдіұлы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының жаңа орынбасарлары болып тағайындалды.