Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев “Тоталь Разведка и Добыча” компаниясының басшысы Арно Брейякпен кездесу өткізді. Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында Қазақстан Президенті халықаралық компаниямен өзара ынтымақтастық жақсы деңгейде екенін хабарлады.
“Біз Қашаған, сондай-ақ басқа да энергетикалық жобалар бойынша табысты жұмыс істеп жатырмыз. Менің ойымша, барлығы жақсы жүріп жатыр”, – деді Тоқаев.
Кездесу соңында халықаралық компания президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа көрсетілген кездесу үшін алғысын білдірді. Арно Брейяк Қазақстан мен компания арасындағы одан әрі ынтымақтастыққа үміттенетінін айтты.
“Мен осы жобада көп жылдар бойы жұмыс істеп келемін, қазір Қашағандағы өндірудің жоғары деңгейін көруге қуаныштымыз. Дегенмен, өндірісті ұлғайту үшін әлеует бар. Біз жобаның қауіпсіз және тиімді жұмысына өз үлесімізді қосуға дайынбыз”, – деп атап өтті компания басшысы.