Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері Рабиға Сыздық І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Қоғамдық қызметтегі ерекше еңбегі, сондай-ақ отандық ғылымды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін А. Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері Сыздық Рабиға І дәрежелі «Барыс» орденімен наградталсын», – делінген хабарламада.
Бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Рабиға Сыздық 95 жаста. Ол тіл маманы, түркітанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі және еңбек сіңірген ғылым қайраткері.
Сурет: old.baq.kz