Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық Кеңесінің бас хатшысы Бағдад Әміреевпен кездесу өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында Әміреев президентті ұйымның ағымдағы қызметінің мән-жайын түсіндірді. Атап айтқанда, бас хатшы Тоқаевқа ағымдағы жылдың қазан айында Әзірбайжан астанасында өтетін түркі кеңесінің саммитіне дайындық туралы айтты.
Мемлекет басшысы өз кезегінде Қазақстан түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық Кеңесі аясындағы өзара іс-қимылға маңызды мән беретінін айтты. Сондай-ақ, Тоқаев кеңеске қатысушы елдер арасындағы мәдени-гуманитарлық және экономикалық қарым-қатынастарға қосатын үлесін атап өтті.
Сурет: inform.kz