Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Словенияның экс-президенті Данило Тюркпен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында тараптар БҰҰ-ның одан әрі дамуын талқылап, қазіргі уақытта халықаралық аренада болып жатқан өзекті оқиғалар туралы пікір алмасты. Тоқаев пен Түрк барлық қызмет салаларында, әсіресе экономикалық салада екі мемлекет арасындағы көпжақты өзара іс-қимылды нығайту қажет деген пікірге келді.
Словенияның бұрынғы президенті Қазақстан халықаралық бейбітшілікті, қауіпсіздікті қамтамасыз етуде және сауда мәселелерінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Ол келесі жылы еліміздің астанасында өтетін Дүниежүзілік сауда ұйымының министрлік конференциясы табысты өтетінін мәлімдеді.
Сурет: akorda.kz