Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев “Россия 24” телеарнасына берген сұхбатында Қазақстанның Ресеймен әріптестігін нығайту стратегиялық басымдық ғана емес, республиканың ішкі дамуында жетістікке жету үшін маңызды прагматикалық фактор болып табылатынын мәлімдеді.
Ол сондай-ақ елдегі ішкі мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу “қолайлы сыртқы орта болған кезде”мүмкін екендігін атап өтті.
“Неге біз Ресей Федерациясымен ынтымақтастық туралы айтамыз? Жоғары сөздерден басқа, мұнда өте үлкен прагматикалық мағына бар. Стратегиялық әріптестік пен одақтастық қағидаттарына негізделген Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы, бұл Қазақстанның өзінің ішкі дамуында табысқа жетуінің маңызды факторы. Мен бұған сенімдімін”, – деп атап өтті Қазақстан Президенті телеарнаға берген сұхбатында.