Қазақстандық сарапшы Денис Кривошеев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында екі сотталушыға кешірім жасағанын хабарлады. Бас бостандығынан айыру туралы сот үкімі айыппұлға ауыстырылды.
«Құрметті Президент мырза! Қасиетті Құрбан айт мерекесі-қасиетті маңызы бар үш мемлекеттік мерекелердің бірі. Өз кінәсін мойындап, шын жүректен өкінетіндерді босату дәстүрге айналсын! Өйткені, өкіну — кез келген жазалаудың мақсаты! Сізге рақмет және мерекеңізбен !»- деп Кривошеев Facebook әлеуметтік желісінде жазды.
Ярослав Голышкин – «Версия» газетінің бас редакторы, ҚР ҚК-нің 194-бабы (бопсалау) және ҚР ҚК-нің 132-бабы (кәмелетке толмағанды аса ауыр қылмыс жасауға тарту) бойынша сотталды. 2015 жылы 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Голышкин өкініп, өз кінәсін мойындады және президентке кешірім жасау туралы өтініш білдірді.
Ерлан Балтабай — Шымкент қаласының «Лайықты еңбек» кәсіподақ қозғалысының көшбасшысы. Ол ҚР ҚК 189-бабы бойынша (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) сотталды. Қоғамдық бірлестіктерді жеті жыл мерзімге басқару құқығынан айырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол да Қазақстан Президентінің атына кешірім жасау туралы өтініш жазды.




