Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық жоғары оқу орындарының ректорларын Президент жарлықтарымен тағайындау процедурасы күшін жойғанын хабарлады. Мемлекет басшысы жоғары оқу орындарының ректорларын тағайындауға бұдан былай қатыспайды. Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
“Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке ұлттық университет ректорларын конкурстық негізде Үкіметтің қаулысымен тағайындау туралы нормативтік құжаттарды дайындауды тапсырдым. Ректорларды Президент жарлығымен тағайындау рәсімі алынып тасталады”, – деді Тоқаев.
Қасым-Жомарт Тоқаев бұл шешім туралы Twitter әлеуметтік желісіндегі өзінің ресми парақшасында хабарлады.