Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесіп, оны туған күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қырғызстан басшысын құттықтай отырып, Қасым-Жомарт Тоқаев оған денсаулық және оның Қырғыз Республикасының Президенті лауазымындағы қызметіне табыс тіледі.
Телефон арқылы сөйлесу барысында екі бауырлас мемлекет президенттері Қазақстан-Қырғыз қарым-қатынастарына қатысты мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын қарастырды.
Әңгіме барысында Президент Тоқаевтың Бішкекке және Жоғары мемлекетаралық кеңестің бесінші отырысына дайындық барысына назар аударылды.