Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Саясат

Тоқаев пен Сингапурдың премьер-министрі сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту мәселелерін қарастырды

6 года назад
Токаев и премьер-министр Сингапура рассмотрели вопросы расширения торгово-экономических связей

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес аясында Сингапур премьер-министрі Ли Сянь Лунмен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Сингапур арасында достық қарым-қатынас бар екенін мәлімдеді.

«Қазақстанда сіздің еліңізді құрметтейді. Біз заманауи Сингапурдың негізін қалаушы-әкеңіз Ли Куан Ю, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен жақын қарым-қатынаста болып 90-шы жылдардың басында Қазақстанға келгені әлі есімізде. Менің ойымша, біздің елдеріміз арасындағы тығыз қарым-қатынас үшін нақты негіз бар», — деді Тоқаев.

Өз кезегінде, Сингапур үкіметінің басшысы өз елі Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін айтты.

«Біз бұл ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қуаныштымыз. Мен президент ретінде сіздермен бірлескен жұмысты асыға күтемін», — деді Ли Сянь Лун.

Кездесуде екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейтуге қатысты мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, тараптар «Астана» халықаралық қаржы орталығы аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Кездесу қорытындысында Қазақстан Президенті Сингапур көшбасшысын елімізге ресми сапармен келуге шақырды.

«Біз Сізді Қазақстанда,кез келген сіз үшін ыңғайлы уақытта,асыға күтеміз. Сіздің сапарыңыз өзара ынтымақтастықты дамыту үшін бірқатар нақты мәселелерді талқылауға жақсы мүмкіндік болады», — деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Новости СМИ2
Алдыңғы

Қазақстан Премьер-Министрі мен ЕО дипломатиялық миссиясының басшылары инвестициялық өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады

Келесі

Тоқаев Иран президентімен кездесті

Ұсынамыз Пост

Бекшин қашықтан жұмыс режиміне көшуді ең тиімді шара деп атады
Саясат

Түркістан басшысы әкімдіктің бұрынғы ғимаратына қатысты шуға пікір білдірді/

20/05/2021 15:33

Аукцион арқылы сатылып кеткен әкімдік ғимаратына қатысты Түркістан қаласының әкімі INSTAGRAM парақшасындағы тікелей эфир кезінде мәлімдеме жасады деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі. Рашид Аюповтың мәліметінше, қалада қонақүйлерді көбейту мәселесі бұған дейін туындаған. Қалаға келетін туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында қонақ...

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Қазақстанға шақырды
Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Қазақстанға шақырды

20/05/2021 12:33

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон кеңейтілген құрамда екіжақты келіссөз жүргізді деп хабарлайды Ақорда. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон шағын форматтағы кездесуден кейін екі елдің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз өткізді. Кездесу барысында Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту,...

Bek Air апаты: Шенеуніктерге үкім шықты
Саясат

Bek Air апаты: Шенеуніктерге үкім шықты

12/05/2021 18:33

Алматы облысының Талғар аудандық соты бұрынғы шенеуніктер мен риэлторға Bek Air ұшағы апат болған Алматы әуежайының жанынан жерді заңсыз бөліп беру ісі бойынша үкім шығарды. Бұрынғы үш шенеунікке 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Қалғандары 2,5 жылдан 4 жылға...

Еліміздің Президенті бірқатар заңдарға қол қойды
Саясат

Тоқаев Жапония премьер-министрімен телефон арқылы маңызды мәселе талқылады

12/05/2021 14:30

Қазақстан президенті Жапонияның премьер-министрі Ёшихидэ Сугамен телефон арқылы сөйлесті. Екі ел басшыларының бірінші рет сөйлесіп отырғанын ескеріп, Қасым-Жомарт Тоқаев Ёшихидэ Суганы Жапония премьер-министрі болып сайлануымен құттықтап, оның аса жауапты қызметіне толағай табыс тіледі деп хабарлайды Ақорда. Мемлекет басшысы Токиода өтетін...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.