Бүгін таңертең Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевты, Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Орталық Комитетінің хатшысы Айқын Қоңыровты, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаевты және Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашевті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесуде мемлекет басшысы қоғамдық-саяси күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қозғады, сондай-ақ Қазақстан халқына үндеу дайындап жатқанын хабарлады.
Сурет: akorda.kz




