Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін “Алтын Қыран” компаниялар тобы бақылау кеңесінің төрағасы Исламбек Салжановпен кездесу өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында тараптар отандық кәсіпкерлікті дамытуға қатысты мәселелерді, әлемдік және қазақстандық ІТ-саласындағы негізгі трендтерді талқылады.
Тоқаев мемлекет үшін экономикалық саясаттың басты басымдықтарының бірі кәсіпкерлікті, атап айтқанда шағын және орта бизнесті қолдау болып табылатынын атап өтті.
Салжанов Қазақстандық бизнес әрқашан Президент бастамасын қолдауға дайын екенін айтты.
Сурет: liter.kz