ҚР Президенті Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевті қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.
Имашев Қасым-Жомарт Тоқаевқа сайлау органдарының ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында өтетін аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттер мен ауылдардың әкімдерін тікелей сайлауға дайындық барысы туралы айтты, деп хабарлады Ақорда сайты.
Сонымен қатар, кездесуде індет жағдайында сайлау процесіне қатысушылардың денсаулығын қорғау шаралары қаралды.
Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев Берик Имашевке бірқатар нақты тапсырмалар берді.