Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жақында Будапештте болған оқиғаға байланысты Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Инға көңіл айтты. Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
“Қазақстан халқының және жеке өз атымнан Сізге, Дунай өзеніндегі серуен катерінің апатының салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына және достас Корея Республикасы халқының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын”, – деді Қазақстан Президенті.
Естеріңізге сала кетейік, Будапешт орталығындағы Дунай өзенінде төтенше жағдай орын алған болатын. Нәтижесінде Оңтүстік Кореяның жеті азаматы қаза тапты.
Сурет: Sputniknews.kz