Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екі апта ішінде салынған Нұр-Сұлтан модульдік жұқпалы аурулар ауруханасына барды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
200 орынға есептелген бұл жұқпалы аурулар ауруханасы тез салынатын ғимараттар құрылысы технологиясын пайдалана отырып, модульдік блоктардан салынды. Медициналық мекеменің жалпы аумағы 7 мың шаршы метр. Жобаны іске асыруға республика бюджетінен 5,5 миллиард теңге бөлінді.
Аурухананы аралау барысында мемлекет басшысы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен кездесті. Біртанов мемлекет басшысына инфекцияға қарсы медициналық көмекті жетілдіру мүмкіндіктері туралы баяндады.
Сондай-ақ, Президент Тоқаев сапары барысында емделушілер ем алу үшін барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген аурухананың емдеу блоктары мен палаталарын аралады.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев осы аурухананың медицина қызметкерлерімен кездесу өткізді. Онда эпидемиямен күресу, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жүйесін реформалау және дәрігерлердің жалақысын көтеру мәселелері көтерілді
Мемлекет басшысы біздің республикада денсаулық сақтау министрлігінің жұмысы жаңартылатынын және реформалар жүргізілетінін мәлімдеді. Атап айтқанда, бас сандәрігердің өкілеттілігін күшейту жоспарлануда.
Сурет: akorda.kz