Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысында жаңа мемлекеттік компанияларды қысқарту туралы мәлімдеді. Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
“Біз экономикадағы мемлекет шекарасын айқын анықтауымыз керек. Қиын кезеңде мемлекет әрқашан экономикалық өсуді қолдау ауыртпалығын өз мойнына алды. Экономиканың жүйелі бәсекеге қабілеттілігі жеке бизнес есебінен қалыптасатынын ұмытуға болмайды”, – деді Тоқаев
Қасымжомарт Тоқаев бұл шешім Қазақстан экономикасын экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің стандарттарына дейін арттырады деп санайды.
“Үкіметке 1 қыркүйекке дейін мемлекеттік компаниялар үшін барлық рұқсат етілген қызмет түрлеріне тексеріс жүргізіп, оларды қысқарту жөнінде ұсыныстар енгізуді тапсырамын. Бүгін мен экономикада жаңа мемлекеттік компаниялар құруға мораторий жариялаймын”, – деп қортындылады Қазақстан Президенті.
Сурет: vlast.kz