Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда мұнай-газды дамыту мәселелері бойынша кеңейтілген отырыс өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың алдына бірнеше нақты міндеттер қойды.
Ол Қазақстан экономикасында отын-энергетика кешені негізгі рөлдердің бірін атқаратынын атап өтті.
Президент еліміздің барлық өңірлеріне кедергісіз мұнай тасымалдау үшін “Кеңқияқ-Құмкөл” мұнай құбырының құрылысын аяқтауды тапсырды.
Сурет: today.kz