Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловамен кездесу өткізді,деп хабарлайды Қазақстан президентінің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Ақтоты Райымқұлова Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан мәдениет және спорт министрлігінің ағымдағы қызметі туралы баяндалады.
Өз кезегінде Қазақстан Президенті министрге заңды жетілдіру, құқықтық-нормативтік база бойынша бірқатар тапсырма берді.Сонмен қатар Тоқаев “Рухани жаңғыру”, “Киелі Қазақстан” бағдарламаларын іске асыруға көңіл бөлу керектігін айтты.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және спорт саласы қызметкерлерінің әлеуметтік деңгейін көтеру керектігін және жергілікті атқарушы органдармен, бизнес-құрылымдармен өзара байланысты жақсарту керектігін айтты.
Сурет: akorda.kz