Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін “Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы” АҚ Басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Басқарма төрағасы Мемлекет басшысын Орталықтың жетістіктері, жұмыстың ағымдағы нәтижелері, сондай-ақ алдағы перспективалар туралы хабардар етті.
Атап айтқанда, Юрий Пя Президентке қазіргі орталықтың базасында жұмыс істейтін зерттеу-білім беру мекемесін құру жөніндегі жоспарлар туралы әңгімеледі. Мұндай мекемені құрудың мақсаты жоғары білікті кадрларды даярлау болып табылады. Жоба ірі халықаралық әріптестермен бірлесіп құрылатын болады.
Тоқаев мемлекеттегі медициналық қызметтердің сапасы мен қол жетімділігін арттырудың ерекше маңыздылығын атап өтті.