Қазақстан Республикасының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустық инфекция әлемдік өндірістің құлдырауына себеп болғанын, бұл экономикалық дағдарысқа әкелуі мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы “Қазақпарат” ақпарат агенттігі хабарлады.
Бұл мәлімдемені Қазақстан Президенті төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету мәселелеріне жауап беретін мемлекеттік комиссияның бүгінгі отырысында жасады.
“400 миллионнан астам кәсіпорын банкротқа таяу. Әлемнің еңбекке қабілетті халқының жартысына жуығынн табыс азайды. Сарапшылар соңғы 100 жыл ішінде бұрын-соңды болмаған экономиканың құлдырауын болжауа”, – деді мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустың ұзаққа созылуы жаһандық құлдыраудың себебі болып табылатынын баса айтты. Президенттің пікірінше, бұл әлемдік экономикалық дағдарысқа әкелуі мүмкін.
Тоқаев бұл жағдайда Қазақстанда кейбір артықшылықтар бар екенін айтып өтті, олардың бірі – жеткілікті қаржылық резерв. Сонымен қатар, Президенттің айтуынша, ел басшылығы дағдарыс кезеңінде халықты жұмыспен қамтамасыз ету үшін қолда бар ресурстарды қайда бағыттайтынын біледі.
Сурет: ferra.ru