Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханимен екіжақты кездесу өткізді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Әңгіме барысында тараптар сауда, экономикалық, көлік, логистикалық және ауыл шаруашылығы салаларындағы екі мемлекеттің одан әрі ынтымақтастығына қатысты мәселелерді талқылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Иран арасындағы байланыстарды одан әрі арттыру, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақпен өзара іс-қимылды нығайтуға кірісу қажеттігін атап өтті.
Кездесу соңында Қазақстан Президенті Руханиді біздің мемлекетке ресми сапармен келуге шақырды.
Сурет: Akorda.kz