Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне бірқатар тапсырма берді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
“Қасым-Жомарт Тоқаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкеновты қабылдады. Мемлекет басшысы министрдің әлеуметтік-еңбек саласындағы қазіргі ахуал мен алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы баяндамасын тыңдады”, — делінген сәрсенбі күнгі хабарламада.
Шапкенов министрліктің халықтың табысы мен еңбекақысын арттыруға, азаматтардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге, еңбек қатынастарын реттеуге, зейнетақымен қамсыздандыруды жетілдіруге бағытталған жұмысы туралы есеп берді. Сонымен қатар, министр Президентке еңбек нарығындағы қазіргі тенденциялар және көп балалы, аз қамтылған отбасыларды қолдау шаралары туралы ақпарат берді.
“Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев бейінді ведомствоға бірқатар нақты тапсырма берді”, — деп нақтылады Ақордада.