Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Citigroup банкісінің мемлекеттік секторы және үкіметтің жаһандық блогының басшысы Джули Монакомен кездесу өткізді деп хабарлайды Қазақстан президентінің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Қазақстан Президенті Citigroup басшылығына ЕХРО-2017 көрмесіне белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді.Сонмен қатар Тоқаев Citigroup- тің АХҚО басшылығы кеңесінің қызметіне қатысқанын атап өтті.
“Біз елдің экономикалық дамуын тұрақтандырып,экономиканы əртараптандырғымыз келеді.Ол жеңіл міндет емес,қиындығын түсінеміз.Осы бағытта біз Citigroup-пен тығыз ынтымақтастық
орнатқымыз келеді.”-деді Тоқаев
Кездесу соңында Джули Монако Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады.
Сурет: inform.kz