Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қазақстанның Беларусьтегі жаңадан тағайындалған елшісі және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық органдары жанындағы тұрақты өкілі болып қоса атқарушы Асқар Бейсенбаевпен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу кезінде президент Қазақстан Беларусьпен одан әрі көп жоспарлы ынтымақтастық орнатуға ниетті екенін атап өтті. Сондай-ақ Тоқаев Қазақстан Республикасы Еуразиялық экономикалық одақ аясында Беларусьпен өзара іс-қимыл жасауға мүдделі екенін айтты.
Кездесу соңында мемлекет басшысы Бейсенбаевқа бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Сурет: inform.kz