Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің азаматтарын Білім күнімен құттықтады. Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter әлеуметтік желісіндегі өзінің ресми парақшасында хабарлады.
“Баршаңызды Білім күнімен құттықтаймын! Жаңа оқу жылы оқушылар мен студенттерге көптеген жаңалықтар әкелсін. Сандық дәуірдегі жаңа білім мен дағдылар – жаңа ұрпақтың болашақ жетістігінің кілті. Педагогтарға олардың игі жұмысында үлкен табыстар тілеймін”, – деп жазды Тоқаев Twitter-де.
Бүгін еліміздің барлық оқу орындарында жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиындар өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда білім күні еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1998 жылғы 20 қаңтардағы жарлығына сәйкес атап өтіледі.