Қазақстан Президенті ” Бәйтерек “Ұлттық басқарушы холдингі ” АҚ басқарма төрағасы Айдар Әріпхановпен кездесті. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында Тоқаев “Бәйтерек” холдингінің “Нұрлы жол” және “Нұрлы жер” мемлекеттік бағдарламаларын қаржыландыруға қатысуы туралы хабардар етті.
Сондай-ақ, төраға Қасым-Жомарт Тоқаевқа холдингтің мұқтаж азаматтар үшін қолжетімді тұрғын үй құрылысының жұмысы және Қазақстанның Даму Банкі желісі бойынша жобаларды іске асыру кезеңдері туралы айтты.
Өз кезегінде мемлекет басшысы “Бақытты отбасы” тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу соңында Тоқаев Әріпхановқа холдингтің шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі жұмысын жандандыруды тапсырды.