Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды заңды сақтауға және рұқсат етілмеген жиналыстарға қатыспауға шақырып, елімізде заң сақталады және барлық тәртіп бұзушыларға қолданылатынын ескертті.
Тоқаевтың сөйлеген сөзінің үзіндісі Президент баспасөз хатшысы Берік Уәлидің бетінде жарияланды.
“Менің түсінігімдегі әділеттілік заңның үстемдігі болуы керек. Заңды бәрі сақтауға тиіс: мемлекеттік шенеуніктер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері. Заңды біздің мемлекетіміздің азаматтары да сақтауға тиіс.
Заң бәріне бірдей. Қандай да бір сын айтқымыз келсе де, ол заң аясында айтылуы тиіс, егер әңгіме адамдардың жиналыстары туралы болса,жиналыс рұқсат етілген болуы тиіс. Сондықтан да мен Заң біздің елде сақталатынын қатаң ескертемін”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін бас прокурордың орынбасары Болат Дамбаев қазақстандықтарға митингілерді ұйымдастыру мен өткізудің Заңмен белгіленген тәртібін бұзбауға шақырды.
Сурет: nur.kz