Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының атқарушы хатшысы Джанлук Эспозитомен кездесуі өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Өткен кездесуде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобына кіруі және біздің еліміздің Еуропа Кеңесімен өзара іс-әрекеті мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлықтың түрлі көріністерімен күресте осы ұйыммен ынтымақтастықтың маңыздылығына назар аударды.
Сонымен қатар, Президент республикамыздың ұйымға кіруі Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық қылмыстарына одан әрі қарсы күреске айтарлықтай серпін беретініне сенім білдірді.
Өз кезегінде, хатшы мемлекет басшысының назарын біздің еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобымен ынтымақтастығы екі тарап үшін өзара тиімді болатынына аударды.
Джанлука Эспозито Қазақстанның ұйымға мүшелігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласына да, мемлекеттік қызмет көрсету саласының дамуына да жағымды әсер ететінін айтты.
Сурет: inform.kz