Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елдің елшілерін тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп KAZAKHSTAN TODAY хабарлайды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Рәпіл Сейітханұлы Жошыбаев Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды; Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Еуропалық Одақ жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) өкілдігінің басшысы қызметіне тағайындалды; Нұрлан Аделұлы Жалғасбаев Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды. Сонымен қатар, Қайрат Айтмұхамбетұлы Нұрпейісов Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшісі қызметінен босатылды. Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы, Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы, Бангладеш Халық Республикасындағы, Непал Федеративтік Демократиялық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы қоса атқарушы Елшісі қызметінен босатылды.