Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстандағы кейбір ақпараттық интернет-ресурстар жұмысындағы іркіліс туралы баяндалды. Бұл туралы баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.
Осыған байланысты, Президент баспасөз хатшысының айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев уәкілетті органдарға еліміздегі интернет жұмысын қалпына келтіруді тапсырды.
Қазіргі уақытта Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік конференциясына қатысу үшін, сондай-ақ компания өкілдерімен бірқатар кездесу мақсатында Германияның Мюнхен қаласына жұмыс сапарымен жүр.
Бұған дейін БАҚ-та Қазақстан аумағында Google компаниясының сервистері, оның ішінде іздеу жүйесі нашар жұмыс істейтіні туралы ақпарат пайда болды,.
Біздің елімізде үшінші күн Telegram жұмыс істемейді. Мессенджер жұмыс істеу үшін қазақстандықтарға басқа желінің үстінен бір немесе бірнеше желілік қосылыстарды қамтамасыз ететін VPN – технологиясын қолдануға тура келеді.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының азаматтары YouTube бейнехостингіне кіре алмайтынына шағымдануда. Пайдаланушылар жалпы ол жұмыс істейтінін айтады, бірақ сервис бірден ашылмайды.