Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев “Қазақстан темір жолы”ҰК” АҚ басқармасы төрағасы Сауат Мыңбаевпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан президентінің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Мыңбаев ағымдағы қызмет жайлы, сондай-ақ республикадағы темір жол көлігінің даму жоспарлары туралы хабарлады.
Өз кезегінде Қазақстан Президенті елдің көліктік-логистикалық әлеуетін жүзеге асыру және көлік қызметтерінің сапасын арттыру қажеттігін мәлімдеді.
Бұдан басқа, Мыңбаев Тоқаевқа Арыс тұрғындарына төтенше жағдай кезінде әскери бөлімде тасымалдау қалай жүзеге асырылғаны туралы айтып берді.
Кездесу соңында Қазақстан президенті Сауат Мыңбаевқа бірқатар міндеттер жүктеді.