Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Тарих фактілері

Тоқаев: Қазақстан ҰҚШҰ аясында саяси ынтымақтастықты нығайтуды жоспарлауда

6 года назад
Токаев: Казахстан планирует укреплять политическое сотрудничество в рамках ОДКБ

Қырғызстан астанасында ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің сессиясы өтті,онда ұйымға қатысушы елдердің басшылары халықаралық және өңірлік қауіпсіздікке қатысты мәселелерді талқылады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сессияға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде саяси ынтымақтастықты кеңейтуді, ұйымның әскери күшін нығайтуды жоспарлап отырғанын айтты.

Халықаралық қауіпсіздік саласындағы саяси диалогты нығайту туралы айта келе, Тоқаев ҰҚШҰ Еуропа мен Азияны қауіпсіздіктің бірыңғай Еуразия платформасына біріктіре алатынына назар аударды. Оның айтуынша, ол үшін ұйымның беделін арттыру қажет.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымы жанындағы әріптес және бақылаушы институттарын жетілдіруге назар аудару қажеттігін айтып, ҰҚШҰ төңірегінде сараптамалық-диалог инфрақұрылымын ұлғайтудың маңыздылығын атап өтті.

ҰҚШҰ-дағы әріптестерінің алдында сөйлеген сөзінде Қазақстан Президенті ұйымның жауапкершілік аймағында, атап айтқанда Ауғанстандағы лаңкестікке қарсы іс-әрекеттерге байланысты мәселелерге назар аударды.

«Ресми билік халық тұратын аумақтың 65%-нан жартысынан астамын ғана бақылайды. Ауғанстанның қалған бөлігі террористік ұйымдардың бақылауында. Оңтүстік осындай қауіптің көзі екенін біле отыра, ҰҚШҰ халықаралық терроризм мен басқа да қауіп-қатерлерге қарсы күресте күш пен құралдарды дайын ұстау қажет», — деді Тоқаев.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сөйлеген сөзінде, нәтижесінде Сириядан 600-ге жуық қазақстандық азамат әкелінген, «Жусан» атты арнайы операцияның нәтижелері туралы айтты.

Қорытындылай келе мемлекет басшысы Қырғызстанның Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына төрағалық ету кезеңіндегі жетістіктерін атап өтті, сондай-ақ ҰҚШҰ-ға төрағалық еткен Ресей тарапын құттықтады.

Сурет: akorda.kz

Новости СМИ2
Алдыңғы

Қазақстандық балалар Ирактан Отанына оралды

Келесі

Қазақстан дипломаты мен Әзірбайжан агенттігінің басшысы бірлескен жобаларды талқылады

Ұсынамыз Пост

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды
Тарих фактілері

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды

29/05/2021 17:43

Қазіргі кезде аталған факті бойынша Түркістан облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жүргізіліп жатқан іздеу жұмыстары барысында 29 мамырда сағат 00:30-да Өгем өзенінен екі адамның мәйіті табылды. Марқұмның бірі тауда жоғалып кеткен туристер тобының мүшесі, 1999 жылы туған азамат...

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды
Тарих фактілері

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды

29/05/2021 15:12

Шенеуніктер ауыл арасында көгілдір отын құбырын жүргізу үшін тендер жариялағанымен, кейін оны тоқтатып тастаған.   Ақтөбе іргесіндегі Жаңақоныс-4 ауылының тұрғындары жаңадан салынған үйлеріне кіре алмай отыр. Өйткені елдімекенде ішер судан бастап, газ құбыры да жоқ. Ал шенеуніктер болса коммуникация жүйесін...

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды
Тарих фактілері

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды

29/05/2021 10:18

Ведомство өкілдері полковник Асылбек Сатыбалдиновті жақсы жағынан сипаттап, мақтаулы мамандардың бірі ретінде атады. Қорғаныс министрлігіндегі қару-жарақ және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің бастығы полковник Асылбек Сатыбалдинов ұсталды. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі растады. "2021 жылы 28 мамырда құқық қорғау...

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді
Тарих фактілері

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді

28/05/2021 18:41

2019 жылдан бастап Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңсыз ойын орындарын жою бойынша рейдтік іс-шаралар барысында қаланың әртүрлі аудандарында ойын терминалдары заңсыз жұмыс істейтін 712 сауда орнын анықтады, деп хабарлайды zakon.kz. Заңсыз ойын мекемелерін ұйымдастырғаны үшін 80 адам сотталды, 94...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.